Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақпараттық порталдардың көрсеткіштерін өлшеуге арналған сайт іске қосылды

Ақпараттық порталдардың  көрсеткіштерін өлшеуге арналған сайт іске қосылды

Алматы. 4 наурыз. 7kun.kz – Алматыда olshem.kz сайты іске қосылды. Сайт деректер аналитикасы саласындағы Chartbeat компаниясымен бірлесе отырып жүзеге асырылды.

Жаңа ресурс – жобаға қатысып отырған 25 порталдың Қазақстанда кәсіби және ашықтық деңгейі жоғары нарықты құру бағытындағы ұмтылысының нәтижесі.

Сайт Қазақстандағы Chartbeat апталығы аясында іске қосылды.

«Қазақстан тарихында тұңғыш рет 25 отандық интернет БАҚ оқырмандармен және жарнама берушілермен өз қатынасында адалдықты ұстанатындығын ашық түрде көрсету жөнінде өз еркімен шешім қабылдады. Chartbeat технологиялары арқасында олар өз статистикасының көрсеткіштерін, соның ішінде бұған дейін жарияланбаған көрсеткіштерді ашып көрсетпек. Бұл оқырмандардың қажеттіліктерін тереңірек түсініп, аудиторияны тарту, қазақстандықтар үшін шынымен де маңызды әрі қажетті репортаждар мен лонгридтерді дайындауға бағытталған көбірек контентті жасап шығару үшін қазақстандық журналистерге арналған бірегей мүмкіндік», - деп өз бойымен бөлісті Chartbeat жобасы Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Михаил Дорофеев.

Chartbeat компаниясының қызметтерін АҚШ медиа нарығының 75%-ы қолданады.

Оlshem.kz ресурсы жарнама нарығына жобаға қатысатын порталдардың оқырмандар аудиториясы жайлы шынайы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл БАҚ-та жарияланатын материалдардың мақсатқа бағыттылығын арттырады.

Жаңа ресурс нақты уақыт режимінде деректер аналитикасын келесі бес басты көрсеткіш бойынша көрсетеді: сайтқа кірушілер; бірегей қолданушылар; геодеректер; траффик көздері; 24 сағат, 7 күн және 30 күн ішіндегі ең үздік жарияланымдар туралы ақпарат. Сайтқа кірушілерге қатысушы порталдар арасында ұсынылған көрсеткіштер бойынша салыстырмалы анализ жасау, сондай-ақ, бір ай ішіндегі аналитиканы жүктеп алу мүмкіндігі қолжетімді болады.

Похожие материалы