Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АҚШ билігі Huawei лицензиясын тағы да ұзартты

АҚШ билігі Huawei лицензиясын тағы да ұзартты

Алматы. 19 қараша. 7kun.kz — Қытайлық Huawei америкалық компаниялармен уақытша лицензия бойынша тағы 90 күн жұмыс істей алады — 2020 жылдың 16 ақпанына дейін, делінген АҚШ сауда министрлігінің құжаттарында.

Алайда, Huawei өкілдері The Verge-ге берген сұхбатында лицензияны ұзарту компанияның қызметіне айтарлықтай әсер етпейтінін мәлімдеген.

Еске сала кетейік, АҚШ билігі 2019 жылы мамырда АҚШ үкіметінің рұқсатынсыз америкалық компаниялардан аппараттық және бағдарламалық жасақтама сатып алуға тыйым салу арқылы Huawei-ді қара тізімге енгізді. Осыдан кейін билік лицензияны екі рет ұзартты.

2019 жылдың тамыз айында Huawei АҚШ-тың сауда санкцияларынан түскен жылдық түсімдерді 10 млрд долларға бағалады.

Похожие материалы