Экономика
АҚШ билігі Илон Маскті алаяқ деп айыптады
28 қыркүйек. Алматы. 7kun.kz - АҚШ-тың биржа және бағалы қағаздар (SEC) бойынша комиссиясы Tesla-ның негізін қалаушы әрі директоры Илон Маскты twitter арқылы «жалған және адастыратын» хаттар жазды деп айыптауда.
Илон Маск Bloomberg-ке SEC-тің бұлай дәлелсіз айыптағаны үшін қапа болғанын жеткізген және оның айтуынша әрқашан шешімді әділ әрі инвестордың пайдасын ойлай отыра қабылдайды екен.
Илон Масктің твиті 7 тамызда Тесланың акциялық бағасын 6%-дан асып кетуіне әсер етіп, нарықтағы жұмысты айтарлықтай өзгертіп жіберген. Бұған дейін де әділет министрлігі кәсіпкердің жариялымдарында алаяқтық бар деген күдікпен қылмыстық тергеу жүргізген еді.