Экономика
АҚШ Қытайдан Солтүстік Кореяға мұнай өнімдерін тасымалдауды тоқтатуды талап етті
АҚШ Қытайдан Солтүстік Кореяға мұнай өнімдерін жеткізуді және тауар импортын тоқтатуды талап етті. Америка мұндай талапты Солтүстік Корея 6 қаңтар күні Пхеньян аймағында төртінші мәрте ядро сынағын жүргізгеннен кейін санкция түрінде енгізді, деп хабарлайды РИА Новости жапондық "Асахи" газетіне сілтеме жасап.
Басылымның мәліметіне сәйкес, америкалықтар бұл туралы Қытай еліне 13 қаңтар күні Сеул қаласында болған АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея дипломаттарының кездесуінде мәлімдеген. Кездесу кезінде Корея халықтық демократиялық республикасына (КХДР) қарсы шараларды күшейту мәселесі талқыланды.
Дегенмен америкалықтардың талабына серіктесі әлі жауап қайтарған жоқ.
Газеттің мәліметі бойынша, Қытай жыл сайын КХДР-ға 400-500 мың тонна мұнай өнімдерін жеткізеді. Ал Солтүстік Кореяның Қытай еліне экспорты 15,5 миллион тонна антрацитті (на 115,5 миллиона доллар) құрады.
Фото: cont.ws