Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АҚШ бірнеше компанияға Huawei-мен ынтымақтастыққа рұқсат беруі мүмкін

АҚШ бірнеше компанияға Huawei-мен ынтымақтастыққа рұқсат беруі мүмкін

Алматы. 10 қазан. 7kun.kz — АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі жақын арада кейбір америкалық компанияларға Қытайдың Huawei компаниясының "сезімтал емес тауарларын" жеткізуге мүмкіндік беретін лицензиялар беруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды The New York Times ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

Басылымның сұхбаттасушыларының айтуынша, өткен аптадағы кездесуде президент Трамп бірнеше таңдаулы америкалық компанияларға Ақ үйдің Хуавейге салған тыйым айналып өтуге мүмкіндік беретін лицензияларды мақұлдауға кірісуге рұқсат берді.

Бұл қадам осы аптада басталатын екі ел арасындағы сауда келіссөздері қарсаңында АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленісті төмендетуге бағытталғаны атап өтілген.

Жоғары деңгейдегі сауда келіспеушіліктері бойынша келіссөздер бейсенбі мен жұмаға жоспарланған. Америка тарапынан АҚШ сауда өкілі Роберт Лайтхайзер мен қаржы министрі Стивен Мнучин қатысады.

Қытай делегациясын ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Лю Хэ басқарады.

Еске сала кетейік, АҚШ сауда министрлігі мамыр айында Huawei-ді ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін компаниялардың қара тізіміне қосты. Америкалық фирмаларға тізімдегі компаниялармен арнайы рұқсатсыз іс жүргізуге тыйым салынды. Көптеген сарапшылар Вашингтон мұндай шараны Қытаймен сауда соғысы құралы ретінде пайдаланады деп санады.

Похожие материалы