Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АҚШ доллары мен Еуро Мәскеу биржасындағы тарихи межені жаңартты

АҚШ доллары мен Еуро Мәскеу биржасындағы тарихи межені жаңартты

Мәскеу қор биржасында АҚШ доллары 110 рубльге, Еуро - 122,395 рубльге дейін көтерілді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Сарапшылардың айтуынша, сауда-саттықтың басында рубль қысқа өсімнен кейін, доллар мен еуро бойынша қарқынды түрде құнсыздануын жалғастырды.

Ресей жағдайды өзгерту үшін заңды тұлғаларға және қор нарығына қатысты валюталық бақылау шараларынан басқа, жеке тұлғаларға да шектеулер енгізді. Ресей президенті Владимир Путин "Ресей Федерациясының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін экономикалық сипаттағы қосымша уақытша шаралар туралы" қаулыға қол қойды.

Қаулы бойынша, бұдан былай Ресей үшін «дос емес» мемлекеттердің өкілдері Ресейде мәмлелер жасауға, соның ішінде рубль несиелерін тартуға үкіметтік комиссиядан рұқсат алуы керек.

Осы уақытқа дейін Ресейден валютаны әкетуге шектеулер болған жоқ: тек 10 000 доллардан бастап сомаларды декларациялау, сондай-ақ ақшаны жылыстатуға қарсы күрес аясында 100 000 доллардан бастап қолма-қол ақшаның шығу тегін түсіндіру талабы ғана болды. Бұл нормалар Еуразиялық экономикалық одақ үшін бірдей (оған Ресейден өзге Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Армения кіреді).

Похожие материалы