Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АҚШ президенті Украинаға жедел көмек көрсететін Ленд-лиз заңына қол қойды

АҚШ президенті Украинаға жедел көмек көрсететін Ленд-лиз заңына қол қойды

АҚШ. 10 мамыр. 7kun.kz – АҚШ президенті Джо Байден Украинаға қатысты ленд-лиз заңына қол қойды. Бұл құжат Укрианаға қару-жарақ жеткізуді біршама жеңілдетеді, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Заң президентке ұзақ бюрократиялық процедураларсыз, АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі мүддесіне сай болса, Украинаға қорғаныс әскери техникасын жеткізу және жалға беру туралы шешім қабылдауға қосымша өкілеттік береді. Сонымен қатар, Украина американдық техника мен қару-жарақ жеткізгені үшін алдын ала төлем жасамайды, оған төлемді кейінге қалдыру мүмкіндігі беріледі», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, ленд-лиз туралы заң Екінші дүниежүзілік соғыстан бері бірінші рет қолданылып жатыр.

Конгресте заң жобасы екі партияның қолдауына ие болды. Сенат оған 7 сәуірде, ал Өкілдер Палатасы 28 сәуірде дауыс берді.

Похожие материалы