Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АҚШ Қытай тауарларына жаңа баж салығын салмақ

АҚШ Қытай тауарларына жаңа баж салығын салмақ

Алматы. 17 қыркүйек. 7kun.kz – АҚШ президенті Дональд Трамп жақын күндері құны 200 миллиард доллар тұратын Қытай экспортына қатысты қосымша салық енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды The Wall Street Journal.

Басылымының мәліметінше, АҚШ әкімшілігі 10 пайыздық баж салығын енгізбек. Мұның алдында салық көлемі 25% деп хабарланған.

Бұл шара қашан іске асатыны анық емес, дегенмен ақпаратқа қарағанда, Трамп Пекинге қысымды күшейту мақсатында, Қытаймен сауда келісімін жүргізер алдында жүзеге асырмақ.

Пекин Қытайда жұмыс істейтін американдық компаниялардан технологияларын қытайлық серіктестеріне беруді талап етеді. Вашингтон болса бұл тәжірибеден бас тарту керек деп есептейді.

Бұған дейін Трамп әкімшілігі, құны 50 миллиард доллар тұратын Қытай тауарларына 25 пайыздық салық салған. Қытай америкалық санкцияларға санкциямен жауап беріп келеді. Бірақ кезекті шараға төтеп беру оңай болмайтын секілді, себебі Қытайдың Америкадан импорттайтынынан, экспорттайтын тауары басым, деп жазды The Wall Street Journal.

Дегенмен, Қытайға экспортталатын, құны 60 миллиард доллар тұратын америкалық ет өнімдері, кофе, жиҺаз бен көлік құрал-саймандырына айтарлықтай қауіп төнуі мүмкін.

Похожие материалы