Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АҚШ-та рекордтық джекпот орнатылды

АҚШ-та рекордтық джекпот орнатылды

АҚШ. 1 тамыз. 7kun.kz – АҚШ тарихындағы екінші ең үлкен лотерея джекпоты 1,3 миллиард долларды құрады, деп хабарлайды Euronews.

Жеңімпаз Чикагоның шетіндегі Иллинойс штатындағы жанармай құю станциясында Mega Millions билетін сатып алған азамат. Оның ұтыс нөмерінің барлық алты саны сәйкес келді. Әзірге ақшаға кімнің өтініш білдіргені белгісіз. Штат заңы бойынша мұндай ірі соманы ұтқан адам өз аты-жөнін айтпауға құқылы.

Сәтті билеттің иесі жыл сайынғы белгіленген төлемдерге келіссе, толық соманы алады. Осылайша ол 29 жылдан кейін ұтыстың толық сомасын алады. Сәтті билетті сатқан дүкен иелері де ұтыстың үлесіне ие болады.

Әдетте джекпот барлық шығынның пайыздық бөлігі арқылы қалыптасады немесе белгілі бір уақыт аралығында пропорционалды түрде өседі.

Похожие материалы