Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АҚШ-тың Қаржы басқармасы Қазақстандағы Альфа-Банкке 6 мамырға дейін уақыт берді

АҚШ-тың Қаржы басқармасы Қазақстандағы Альфа-Банкке 6 мамырға дейін уақыт берді

АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) Альфа Банкке тікелей шектелетін операциялар мен мәмілелерді аяқтау жұмысын жүргізуге 6 мамырға дейін уақыт берді, деп хабарлайды 7kun.kz.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне хабарлағандай, мұндай операцияларға шетел валютасындағы есеп айырысулар, халықаралық төлем жүйелері арқылы аударымдар, американдық банктердің корреспонденттік шоттарын пайдалану және басқалары жатады.

«6 мамырға дейінгі кезеңде және санкцияларды енгізудің тиімді күнінен кейін «Альфа-Банк Қазақстан» клиенттеріне теңгемен және рубльмен операциялар қолжетімді болады: банкоматтарда қолма-қол ақша алу, теңгемен ақша аудару, коммуналдық қызметтерді, мобильдік байланысты төлеу және қызметтер үшін басқа да төлемдер», – делінген агенттік хабарламасында.

«Альфа-Банк Қазақстан» жеткілікті капитал қоры бар төлем жасауға қабілетті банк болып табылады. Қазіргі уақытта Банктің клиенттер алдындағы міндеттемелері 445 млрд теңгені құрайды, олар 480 млрд теңге сомасындағы жоғары сапалы несие портфелінің,  134 млрд теңге мөлшеріндегі меншікті капитал және негізгі банк ашқан кредиттік желі есебінен өтеледі.

Бүгінгі таңда Банк клиенттік төлемдер мен аударымдарды орындау бойынша бір сәттік өтінімдерге, сондай-ақ клиенттердің қаражатын алуға байланысты өтімділік тапшылығына тап болды.

Сонымен қатар, қазір «Альфа-Банк Қазақстанның» акционерін толық ауыстыру қарастырылуда. Егер ол жүзеге асса банк санкциялық тізімнен шығарылатыны хабарланды.

Қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша жақын уақытта Банк клиенттерінің төлемдері мен аударымдарын орындау жағдайы тұрақтандырылып, клиенттер үшін уақытша шектеулер алып тасталады.

Похожие материалы