Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

АҚШ-тың қор индекстері мұнай бағасынан кейін 1,6%-ға өсті

АҚШ-тың қор индекстері мұнай бағасынан кейін 1,6%-ға өсті

АҚШ ФРЖ-ның қаңтардағы отырысының хаттамасына сәйкес, 18 ақпанда мемлекеттің негізгі қор индекстері  1,6-2% -ға өсті, деп хабарлайды РИА Новости.

Dow Jones өнеркәсіптік индексі - 16453,83-ке, яғни 1,59%-ға өсті, ал жоғары технологиялық NASDAQ компанияларының индексі - 2,21% -ға көтеріліп, 4534,06-ға жетсе , S&P 500 нарықтық индексі 1,65%-ға, демек 1926,82 деңгейге ұлғайды.

Сәрсенбі күні жарияланған АҚШ ФРЖ-ның қаңтардағы отырысының хаттамасында белгілі болғандай, экономикалық өсу үшін тәуекелдің ұлғайғаның  және инфляция болжамнан аз болып, жұмыссыздық деңгейі күткен деңгейден қарағанда жоғары болуы мүмкін екендігін комитет мүшелері атап өтті.  Сондай-ақ, құжатта айтылғандай, ФРЖ мөлшерлемені көтеру саясаты жалғасқан жағдайда жетекшілік жасамайды. Себебі инфляция көрсеткіші пайыздық мөлшерлемені көтеру үшін жеткіліксіз.

Иранның Мұнай министрі  Биджан Занганенің мұнай нарығындағы жағдайды жақсарту үшін кез келген қадамды қолдауға дайын екені туралы мәлімдемесінен соң Әлемдік мұнай бағасы АҚШ биржаларының жабылуы кезінде 5,5-6,6% -ға өсті. ОПЕК Иран мен Иракты мұнай деңгейін қалыпты ұстап тұру туралы бастамасына қатысуға шақырып отыр. "Доха қаласында қабылданған шешім ОПЕК-тен басқа елдерге де мұнай деңгейін қалыпты ұстап тұруды ұсынады. Мұнай өндіру квоталары тұтынушылар мен өндірушілердің қызығушылығын арттыруды, бағаны және нарықтағы жағдайды реттеуді мақсат етеді. Біз бұл шешімді қолдаймыз", -  деді Б.Зангане.

Ең жақсы болжам ішкі статистика бойынша болды. ФРЖ хабарлағандай, мемлекеттегі өндіріс өнеркәсібі қаңтар айында  0,9%-ға өсті. Ал сарапшылар өсім 0,4% болады деп күткен.

Похожие материалы