Алматы. 4 қыркүйек. 7kun.kz – Облыс орталығының жүздеген тұрғыны «Ынтымақ» алаңында жиналды. Ақтау тұрғындарының билікке қойған талаптары Жаңаөзендегі сияқты – қытай зауыттарын ашуға және шетелдіктерге жерді сатуға тыйым салу.
Тұрғындарға Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаев пен Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов келді. Олар жиналғандарға бүгін Сыртқы істер министрлігі қытайлық инвесторлардың зауыттар салуы туралы ресми мәлімдеме жасауды жоспарлап отырғанын түсіндірді, сондай-ақ жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салу туралы айтты. Халық алаңда тұруды жалғастыруда. Түскі қарай 50-ден астам адам қалды. Алаңда полицейлер кезекшілік етеді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жаңаөзенде митингіге 300-ге жуық адам қатысқан болатын. Олар елде қытайлық кәсіпорындар салу жоспарларынан бас тартуды талап етті.