Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақтөбе облысы «Жас арман» және «Қамқор баспана» өнімдеріне қосылды

Ақтөбе облысы «Жас арман» және «Қамқор баспана» өнімдеріне қосылды

Алматы. 17 қыркүйек. 7kun.kz – Ақтөбе облысында «7-20-25» бағдарламасының аясында «Жас арман» және «Қамқор баспана» өнімдеріне қосылды. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен «Баспана» ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков тиісті меморандумға қол қойды, деп хабарлайды «Баспана» Ипотекалық ұйымының баспасөз қызметі.

Осылайша, жас отбасылар мен Ақтөбе облысының бюджеттік сала қызметкерлері «7-20-25» бағдарламасы бойынша пәтер құнының 10%-ын ғана төлеп, үй алу мүмкіндігіне ие болады.

Меморандумға сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі аталған азаматтарға бастапқы жарнаның жартысын төлеуді өз мойнына алады және осы мақсатқа 2 млрд теңге бөледі.

«Ақтөбе облысының әкімі мен «Нұр Отан» партиясына бастапқы жарнаны азайту бойынша әлеуметтік бастамаларды қолдағаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Облыс қарқынды дамып келеді және «7-20-25» бағдарламасына қатысушылардың саны бойынша көшбасшылардың бірі. Қазіргі уақытта біз «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып, еліміздің басқа өңірлерінде де осы бастамаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз», - деді «Баспана» ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков.

Похожие материалы