Экономика
Ақтөбе облысында мектеп директоры әйелі мен қызына пышақпен шабуыл жасады
Ақтөбе облысы. 11 қазан. 7kun.kz – Шалқар ауданында мектеп директоры әйелі мен қызына пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды 7kun.kz.
әйелі мен қызы пышақ жарақатын алды. Мұндай қатыгездікке не себеп болғаны белгісіз.
«Қылмыстық кодекстің 99 бабы – «Адам өлтіруге оқталу» бойынша іс қозғалып тергеу жүргізілуде. 37 жастағы күдікті екі айға қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу құпиялылығына байланысты таратылмайды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, ер адам мектеп директоры болып алты ай қызмет атқарған. Бұған дейін ол аудандық білім бөлімінде жұмыс істеген. Осы оқиғадан кейін ер адам бірден қызметінен босатылды.