Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақтөбе облысының экс-әкімі қамауға алынды

Ақтөбе облысының экс-әкімі қамауға алынды

Алматы. 12 ақпан. 7kun.kz – Ақтөбенің мамандандырылған тергеу соты аймақтың бұрынғы әкімі Ермек Имантаевты қамауға алу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды 7kun.kz.

​Ол қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.

«Ақтөбенің мамандандырылған тергеу сотының 10 ақпандағы шешімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 4-бөлігі «Лауазымдық өкілетін асыра пайдалану» бойынша қылмыс жасады деген күдікті И.-ға қатысты 2023 жылғы 8 сәуірге дейін екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды», – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Ермек Имантаев 2002-2004 жылдары Ақтөбе облысы әкімі қызметін атқарды.

Похожие материалы