Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақтөбеде аса ірі көлемде есірткі сатумен айналысқан тұрғын қылмыс үстінде ұсталды

Ақтөбеде аса ірі көлемде есірткі сатумен айналысқан тұрғын қылмыс үстінде ұсталды

Алматы. 31 қаңтар. 7kun.kz – Ақтөбе тұрғыны есірткі түрлерін, оның ішінде синтетикалық есірткіні аса ірі көлемде сатумен айналысқан. Ол қылмыс үстінде ұсталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Күдікінің тұрғылықты жерін тінту кезінде Alfa-PVP синтетикалық есірткі заты, кокаин және каннобиноидты топтың есірткі заттары табылып, тәркіленді.

Қазір Қаржылық монитринг агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Есірткі және психотроптық заттарды аса ірі көлемде сақтау және өткізу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

«Ол азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Похожие материалы