Ақтөбеде банк менеджері компания шотындағы 777 миллион теңгені жымқырған
Ақтөбе. 7 қыркүйек. 7kun.kz – Ақтөбе қаласының No2 сотында алаяқтық жасады деп айыпталған банк менеджеріне қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Банк менеджері өзінің қызметтік жағдайын пайдаланған. Оның «С» акционерлік қоғамының есепшотынан 777 миллион теңгеден астам ақша жымқырғаны анықталды.
Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындады. Келтірілген шығын көлемімен келіспеді. Оның кінәсі сот-экономикалық сараптамасының қорытындысымен, сондай-ақ қылмыстық істің басқа материалдарымен дәлелденді.
Банк менеджері ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол алдағы 10 жылда банк саласында қызмет атқара алмайды.
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.