Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақтөбеде бұрынғы әкім 3 жылға сотталды

Ақтөбеде бұрынғы әкім 3 жылға сотталды

Ақтөбе. 26 қазан. 7kun.kzАқтөбе қаласы Алматы ауданының бұрынғы әкімі Абат Көбенов қалалық әкімдіктің басшысы болып тұрған кезінде жасаған алаяқтығы үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарланғандай, 2020 жылы Ақтөбе қаласы әкімдігінің аппарат басшысы болып қызмет атқарып жүріп, танысына жер телімін беремін деп алдап, одан 1 миллион 383 мың теңге алған.

Сот отырысында сотталушы кінәсін толық мойындады. Сотталушының кінәсі жәбірленуші Қ.-ның жауабымен, Kaspi Gold ақша аударымдарымен расталды.

Сот Абат Көбеновті 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады. Оған өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.

Айта кетейік, Абат Көбенов 2022 жылғы ақпан мен қыркүйек арасында Ақтөбе қаласы Алматы ауданының әкімі қызметін атқарған еді. Оған дейін ол Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

Похожие материалы