Ақтөбе облысы. 25 шілде. 7kun.kz – Ақтөбеде кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Қылмыстық топты құрықтауда Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері ҰҚКД-дағы әріптестерімен бірлесіп әрекет етті.
«Қылмыстық топ құрамында деструктивті белгілері бар алты адам болған. Олар діннің атын жамылып, бірнеше рет түрлі себептермен екі жас жігіттен ақшалай қаражат бопсалаған. Жедел іс-шараларды өткізу барысында аталған адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және тергеу жүргізіліп, ұсталғандардың басқа да ұқсас қылмыстар жасауға қатыстылығы тексерілуде», – деп хабарлады құқық қорғау органдарының қызметкерлері.
Бұл баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.