Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақтөбеде мас ана бес айлық сәбиін орындықта ұмытып кеткен

Ақтөбеде мас ана бес айлық сәбиін орындықта ұмытып кеткен

Ақтөбе. 11 тамыз. 7kun.kz – Түнгі сағат 01.00 шамасында Ақтөбе қалалық полициясының кезекші бөліміне әйел адам бес айлық сәбиді алып келген. Бұл туралы Ақтөбе облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«8 наурыз көшесінде кетіп бара жатқан әйел  сондағы орындықтардың бірінде сәбидің жатып жылап жатқанын және оның анасының мас күйінде белгісіз бағытта кетіп қалғанын көрген.

Ювеналды полиция инспекторлары дереу жедел жәрдем шақырып, баланың денсаулығын тексеріп, педиатрдың қабылдауын алып, сәбиді «Үміт» балалар үйіне апарған.

Шамамен бір сағат уақыт өткен соң полицияға 1997 жылғы анасы хабарласқан. Ол баласының жоғалып кеткенін хабарлады. Полицейлер анасын тауып, алкогольдік ішімдік ішкенін тексеріп, тұрмысы нашар отбасы ретінде есепке алды. Баланың әкесі туралы мәлімет жоқ.

Алдағы уақытта инспекторлар әйелдің мінез-құлқын қала әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясына тапсырады. Енді тек комиссияның шешімімен ол баласын Сәбилер үйінен алып кете алады.

Похожие материалы