Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақтөбеде Сбербанктің қолдауымен жылыжай кешені ашылды

Ақтөбеде Сбербанктің қолдауымен жылыжай кешені ашылды

Алматы. 4 сәуір. 7kun.kz – «Green Capital» ЖШС «Сбербанк» АҚ ЕБ қаржылық қолдауымен және «KazakhExport» ЭСК» АҚ-ның сақтандыру қолдауымен Ақтөбе қаласында жылыжай кешенін ашты.

Ауқымды аграрлық жоба осы индустрияның әлемдік көшбасшыларының бірі - KUBO Greenhouse Projects B. V. (Нидерланды) жылыжай кешенін сатып алуды, жеткізуді және құрастыруды қамтиды. Жоба аясында кемінде 60 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Персонал жергілікті халықтың арасынан тартылатын болады.

Жобаны іске асыру үшін 2018 жылғы шілдеде «Сбербанк» АҚ ЕБ «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан Қазақстанның ауыл шаруашылығы секторын қолдау бойынша «Агроэкспорт» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 5,1 миллиард теңгеден астам сомаға «Green Capital» ЖШС несие желісін ашты. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ қарызды сақтандыруды жүзеге асыра отырып, мәміленің кепілгері болды. 

Жылыжай кешенін сату және өндірудің жоспарланған көлемі жылына 3000 тонна қызанақ құрайды. Жобаны іске асырудың алғашқы жеті жылында Қазақстан бюджетіне 460 млн. теңгеден астам қаржы төлеу жоспарлануда. Өнімнің негізгі көлемі бірінші кезекте жергілікті тұтынушыларға да, көрші елдердің нарығына да жеткізілетін болады деп болжануда. 

«Сбербанк Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарлар мен өнімдерді экспорттауға бағытталған жобаларды қаржыландыруға белсенді қатысады. «Green Capital Kazakhstan» ЖШС кейін өнімді РФ ірі сауда желілерінде орналастыратын болады. Өз кезегінде Сбербанк тобы Қазақстан Республикасының аумағында және Ресей Федерациясының аумағында банктік қызметтердің толық кешенін көрсетеді», - дейді «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма төрағасының орынбасары Елдар Теңізбаев.

Банк елдің экспорттық әлеуетін арттыру үшін маңызды жобаларды іске асыруда «KazakhExport» ЭСК» АҚ-мен тығыз қарым-қатынаста.

Похожие материалы