Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақтөбеліктерге тегін жер телімдері апатты қоқыс үйіндісінен берілген

Ақтөбеліктерге тегін жер телімдері апатты қоқыс үйіндісінен берілген

Ақтөбе. 3 маусым. 7kun.kz – Ақтөбе тұрғындарына қала шетінен 10 сотық жер тегін берілді, бірақ олар өз учаскелерін қоқыс үйінділері арасынан тапты, деп хабарлайды 7kun.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Әкімдікте қала тұрғындарының шағымдарына бұл рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері деп жауап берді. Әкімдік қоқыс туралы  біле тұра ештеңе істемеді, дейді тұрғындар. Қоқыс көп болғандықтан, олардың көпшілігі өз учаскелерінің қайда екенін анықтай алмауда.

«Қоқыс үйінділері жер телімдерін бере бастағанға дейін ұйымдастырылған, бірақ бірде-бір мемлекеттік қызмет, бірде-бір мемлекеттік орган мұны бақылаған жоқ. Мұнда адамдар үй сала бастаған еді. Сөйтіп КамАЗ көліктері соларға құрылыс материалдарын жеткізіп жүр деп ойладық. Алайда бұл жер қоқыс полигоны болып шықты», – деп шағымданды қала тұрғыны Тимур Бекмұханов.

Жергілікті шенеуніктер спутникті пайдаланып, қала төңірегінде осындай 400-ге жуық заңсыз үйінділерді анықтады. Әкімдік барлығын реттейміз деп отыр. Бір ғана ауданда қоқыс шығаруға бюджеттен 94 миллион жұмсалады.

Похожие материалы