Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақтөбе қаласында 5 зауыттың құрылысы басталды

Ақтөбе қаласында 5 зауыттың құрылысы басталды

Ақтөбе. 17 маусым. 7kun.kz - Ақтөбе қаласында 5 зауыттың құрылысы басталды. Зауыттардың құрылысына 10 млрд теңге көлемінде инвестиция салынды. Бұл туралы kapital.kz хабарлайды.

Зауыттардың бірі «Зерде Керамика Ақтөбе» ЖШС итальяндық технология бойынша керамомагнит пен керамикалық тақталар шығаруды жоспарлап отыр. «Поливест» компаниясы  медицина мен саудада қолданылатын пластикалық өнімдерді шығарады.  Ал «FIBC Kazakhstan» ЖШС - полиэтилен және полипропиленмен қапталған өнімдерді шығаратын зауыт. Talan Technology - жиналмалы резеңке спорт еденін жасайтын зауыт, «Актобе TOPSA Пласт» - антифризг, еріткіштер және химиялық реагенттер және әйнек жууға арналған сұйықтықтар шығаратын зауыт.

Аталған зауыттардың ашылуы нәтижесінде бюджетке жыл сайын 1 млрд теңге көлемінде салық төленеді деп жоспарлануда. Аймақта 315 жұмыс орны құрылады. Құрылыс жобаларының мақсаты - жергілікті тауар өндірушілерге қолдау көрсету.

Похожие материалы