Экономика
Ақтөбеде теракт жасады деген күдіктілер табылды, арнайы операция жүріп жатыр
Жұма күні Ақтөбеде теракті жасады деген күдіктілерді ұстау операциясы жүріп жатыр деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
"Антитеррористік орталық 10 маусымда Ақтөбе облысының терроризммен күрес бойынша оперативті штабы Ақтөбедегі терроризм актісін жасауға қатысы бар деген күдіктілерді тұтқындау бойынша операция жүргізіп жатқандығын хабарлайды", -делінген хабарламада.
"Берілу туралы ұсынысқа олар қарулы қарсылықпен жауап берді. Шара әлі жүріп жатыр, нәтижесі қосымша хабарланады. Тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген",- деп нақтылады ведомстводан.
Өткен жексенбіде Ақтөбедегі терактінің нәтижесінде 3 әскери адамды қосқанда 7 адам қайтыс болып, оннан астам адам жарақат алды. Шабуыл жасады деген күдіктілердің жартысының көзі жойылды, әлі 6 күдікті іздеу жұмыстары жалғасуда.