Алматы. 20 маусым. 7kun.kz - Бүгін Алматыда журналистермен кездескен ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Келімбетовтың Халықаралық Әзірбайжан банкіндегі зейнетақы салымы келісіміне қатыстығына байланысты пікір білдірді.
Aқышевтің айтуынша ол 2014 жылдың 28 тамызында Президент әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Сондықтан 2014 жылы келісімге қатыспаған.
"Одан бөлек, 2014 жылдың наурызынан бастап, мен салым активтері мен резервті басқарумен айналысатын бөлімдерге жетекшілік еткен жоқпын. Менің ойымша Келімбетов мұны біледі. Оның ақпаратты неге бұлай ұсынғандығын мен білмеймін. Бұл сұрақты оның өзіне қойған дұрыс болар", - деді Ақышев.
Ол бұл қатынасты анықтаушы жақтан емес екенін атап өтті.
"Негізінен соңғы баспасөз конференциясының бірінде маған Халықаралық Әзірбайжан банкі туралы сұрақ қойылған еді. Мен жай ғана шешімді Ұлттық банкте жұмыс ітеген адамдар қабылдады деген едім. Мен нақты адамдарды атаған жоқпын. Менің ойымша, мұнымен тиісті органдар айналысу керек. Бірақ Келімбетов мырза мені бұл келісімге қатысы бар дегендіктен, мен бір нәрсені айта кетейін: Сіздер білесіздер, 2014 жылдың 28 тамызында мен, Н.Назарбаевтің шешімімен Президент әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің басшысы болып тағайындалдым. Демек, 2014 жылды қазанында менің бұл келісімге қатысуым мүмкін емес еді. Себебі ол уақытта мен ҚР Ұлттық банкінде жұмыс істемегенмін", - деп атап өтті Данияр Ақышев.
Сонымен қатар, ҰБ төрағасы 2014 жылдың мамырында Ұлттық банк басқармасы БЖЗҚ декларациясын растағанын айтты. Онда зейнетақы активтерін қайда инвестициялауға болатыны туралы ақпарат берілген. Алайда бұл декларацияға зейнетақы қоры құрылған кезеңнен бастап ешқандай өзгеріс енгізілмеген және онда жалпы ережелерге көрсетілген.
"Декларацияда 40 пайыздан кем емес мемлекеттік құнды қағаздар, 40 пайыздан кем емес корпоративті эмитенттердің облигациялары және сонша пайыз шетелдік эмитенттердің облигациялары туралы ғана жазылған. Иә, бұл декларация негізінен жинақтаушы зейнетақы қорының мәлімемесінен туған. Ол ешқандай өзгеріске ұшырамаған. Иә, біз сол үшін дауыс бердік. Болды. Ал нақты шешімді ҚР Ұлттық банкінің инвестициялық комитетінің басшысы, жалпы департаменттің төрағасы немесе зейнатақы активтерін басқаратын адам қабылдайды", - деп сөзін аяқтады Ақышев.
Еске салсақ, Қайрат Келімбетов бір сұхбатында инвестициялық декларацияны Ұлттық банк басқармасы қабылдағанын, одан бөлек бұған Ұлттық банктің қазіргі төрағасы Данияр Ақышевтың де оң дауыс бергенін айтқан болатын.