Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қара алтын бағасы 70 доллардан асты

Қара алтын бағасы 70 доллардан асты

Алматы. 16 қаңтар. 7kun.kz – Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы дүйсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы айтарлықтай көтерілді.

Лондонның ICE Futures биржасында наурыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,39 долларға дейін қымбаттап, бір баррель мұнайдың бағасы 70,26 долларға жетті.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 15 қаңтар күні АҚШ-та жыл сайын қаңтардың үшінші дүйсенбісінде тойланатын федеральдық мейрам - Мартинг Лютер Кингті еске алу күніне орай сауда-саттық жүргізілмеді.

 

Похожие материалы