Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қарағанды қаласында тірі тауықтар халыққа тегін таратылады

Қарағанды қаласында тірі тауықтар халыққа тегін таратылады

Қарағанды. 7 тамыз. 7kun.kz - Қарағандылық құс фабрикаларының бірі сауда-саттық қиындықардың туындауы салдарынан тауықтарды халыққа тегін таратады. Бұл туралы Қарағанды облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Гүлім Оразбаеваға сілтеме жасап pavlodarnews.kz жазады.

Карл Маркс атындағы қарағандылық құс фабрикасы Үштөбе ауылында орналасқан. Үстіміздегі жыл басында кәсіпорын басшылығы мемлекеттік субсидия алуға көмек сұраған болатын. Баспасөз хатшысының айтуынша, жергілікті әкімдік қиындыққа тап болған фабрикаға көмектесуге уәде берген. Келісім бойынша компания сәуір айында субсидия алу керек еді. Дегенмен шенеуніктердің уәдесі бос сөз болып шықты. Нәтижесінде қоймада өнім жиналып, нарыққа шығарылмай қалды.

Сарапшының ойынша, сату бойынша мәселенің туындауын субсидияның жоқтығымен түсіндіруге келмес. Өткен жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша субсидиялау аясында берешек 395 млн теңгені құраған. Бұл қарағандылық құс өсірушілерге ғана қатысты. Ал Қазақстан бойынша қаржы көлемі әлдеқайда үлкен.

Айта кетерлігі, Карл Маркс атындағы құс фабрикасына 85 млн теңге субсидия керек. Ал «Орталық Құс» кәсіпорнына сол кезеңде 136 млн теңге берілмей қалған. - Қазіргі таңда қарағандылық нарықта 10-нан астам құс фабрикасының өнімі бар. Үштөбелік кәсіпорынның тауары тұтынушыларға жақсы таныс. Олардың маркетингтік мәселелерін шешу керек, - дейді Гүлім Оразбаева. Әзірге кәсіпорын жетекшілігі қарағандылық билікке 450 мың тауықты 300 мыңға азайтатыны туралы ресми түрде ескерткен. Сонымен қатар ұжым 10 пайызға азаыту туралы шешім қабылданды.

Қазіргі таңда фабрикада 208 маман еңбек етеді. Ал тауықтардың 30 пайызы тұрғындарға тегін таратылмақ. Осылайша, 150 мың құс жұртшылықтың игілігіне жарамақ. Бұл туралы фабрика басшылығы ертең Үштөбе ауылында өтетін баспасөз мәслихатында хабарламақ.

Похожие материалы