Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қарағанды облысында 5,6 млрд теңгеге 370 нысан жекешелендірілді

Қарағанды облысында 5,6 млрд теңгеге 370 нысан жекешелендірілді

Қарағанды. 14 сәуір. 7kun.kz - Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтің қатысуымен Орталық коммуникациялар қызметінің аймақтық алаңында «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру» тақырыбында брифинг өтті. Бұл туралы облыстың баспасөз қызметі хабарлайды.

Аймақ басшысы осы күнге дейін Қарағанды облысында Ұлт жоспарын жүзеге асыру бағытында атқаралыған жұмыстарды саралап, атқаралатын жұмыстардың жайын айтып берді. Экономиканы жаңғырту мен өсу барысы туралы облыс әкімі жер бөлімі, құрылыс, электроэнергетика, агроөндірістік кешендерде айтарлықтай алға жылжу барын атап өтті.

Бұдан бөлек, Нұрмұхамбет Әбдібеков мүлік пен қаржыны жекешелендіруді экономиканы дамытудың басты талаптарының бірі екенін айтты. Қазіргі таңда аймақта құны 5,6 млрд теңгелік 370 нысан және 4,8 млрд теңге жекешелендірілген.

Инвестиция тарту мақсатында 2016 жылға арналған жоспар бекітілген. Онда барлық іс-шаралар аймақтың инвестициялық климатын арттыруға бағытталған. Шетелдік инвесторлармен облысымызда жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Мәселен қытайлық Цинхуа энергетикалық корпорациясымен көмірді терең өңдеуге қатысты келісім шарт жасалған.

2015 жылдың желтоқсан айынан бастап америкалық «Haliburton» компаниясымен баритті кендерді қайта өңдеуге бағытталған «KarazhalOperаting» ЖШС зауыты іске қосылды. Қазірге дейін аталмыш зауыт 3, 100 тонна баритті концентрат өндірген. Металлургиялық, химиялық және азық-түлік кәсіпорындарының қажеттілігін өтеу мақсатында белгиялық компанияның қатысуымен жоғары сапалы әк өндіретін зауыттың құрылысы басталды.

Сондай-ақ, облыста экономикалық дамудың басты бағыттарының бірі ретінде туризм мен ауылшаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.

Нұрмұхамбет Әбдібеков әлеуметтік сала – білім беру мен денсаулық сақтауға ерекше тоқталып өтті. Ол аймақта жаратылыстану-математика бағытындағы ұстаздардың ағылышын тілінде сабақ беру біліктіліктерін жетілдіретін курстардың үнемі өткізіліп тұратындығын айтып өтті.

Денсаулық саласына келер болсақ, бүгінгі таңда тегін медициналық көмек көрсетуге неғұрлым көп жеке қызмет көрсетушілер тартылған. Облыста мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмі белсенді түрде дамып келеді. Ағымдағы жылы аймақта құны 1 млрд теңгелік 12 мемлекеттік жеке серіктестік жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Бұдан бөлек 2016 жылдың соңына дейін 27 ауылдың дәрігерлік амбулатория ашылады.

Похожие материалы