Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қарағанды облысында дағдарысқа қарсы шараларға 21,1 млрд теңге бөлінеді

Қарағанды облысында дағдарысқа қарсы шараларға 21,1 млрд теңге бөлінеді

Қарағанды. 11 наурыз. 7kun.kz - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Асылбек Дүйсебаев аймақтық жиналыс барысында дағдарысқа қарсы шараларға нақтыланған республикалық бюджет есебінен облысқа 21,1 млрд теңге бөлінгенін мәлімдеді. Бұл туралы Қазинформ хабарлайды.

Аталған қаржының 3,3 млрд теңгесі тұрғын үй құрылысын ынталандыруға, 4,9 млрд - жергілікті бюджет жоғалтқан компенсацияны және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге жұмсалады. Сондай-ақ, "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды жедел жүзеге асыруға 3,5 млрд теңге бөлінеді.

Облыстың баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, "Бизнестің жол картасы" аясында индустриялық инфрақұрылымдарды дамытуға және қосымша қаржылландыруға 1 млрд теңге жұмсалады.

Похожие материалы