Қарағанды. 10 ақпан. 7kun.kz - 2016 жылғы қаңтарда Қарағанды облысында инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі 101,2 пайызды құрады. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.
Азық-түлік тауарларына баға 2016 жылғы қаңтарда алдыңғы аймен салыстырғанда 2,3%-ға өсті, азық-түлік емес тауарлар 0,8%-ға қымбаттады. Ақылы қызметтерге баға және тарифтер индексі 100,4%-ды құрады.
Азық-түлік тауарларынан 2016 жылғы қаңтарда 2015 жылғы желтоқсанға қарағанда бағаның айтарлықтай өсімі жұмыртқаға – 5,8%-ға, нан – 4,6%-ға, өсімдік майына – 3,4%-ға, ашытқыға – 3,3%-ға, какаоға – 3%-ға, майонезге – 2,7%-ға, қара шайға – 2,4%-ға, тұзға –2,2%-ға, ұнға – 2%-ға, сүт өнімдеріне – 1,8%-ға, кофеге – 1,7%-ға, балық және теңіз өнімдеріне – 1%-ға байқалды. Кґкґністерден жјне жеміс-жидектерден қызанақ – 22,6%-ға, қияр – 20,7%-ға, тәтті бұрыш – 12,8%-ға, сарымсақ – 10%-ға, жүзім – 8,4%-ға, алма – 6,7%-ға, түйнек пиязға – 5,3%-ға, қызылша – 5,2%-ға, алмұрт – 4,4%-ға, сәбіз – 4,2%-ға, ақ қауанды қырыққабат – 4%-ға, картопқа 3,1%-ға қымбаттады. Алкогольді ішімдіктер және темекі өнімдері 2,1%-ға қымбаттады.
Азық-түлік емес тауарлар тобында фармацевтикалық өнімдер – 4,9%-ға, тоқыма бұйымдары – 3,3%-ға, телефон және көшірмелік жабдықтар – 2,5%-ға, кеңсе тауарлары, сызу бұйымдары, тұрмыста қолданылатын құралдар және аспаптар– 2,4%-ға, жуатын және тазалайтын құралдар – 1,7%-ға, жеке қолданатын тауарлар және аспаптар – 1,5%-ға, жиһаз және үйде қолданалатын заттар, тұрмыстық құралдар 1%-ға қымбаттады. Бензинге баға 0,8%-ға төмендеді.
Ақылы қызметтер саласында тарифтер жерлеу қызметтеріне – 15%-ға, құқықтық қызметтерге – 6,7%-ға, әуе көлігінің қызметтеріне – 3,7%-ға, теміржол жолаушы көлігінің қызметтеріне – 2,3%-ға, кабельдік теледидар қызметтері – 1,8%-ға, жеке көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеуге – 1,7%-ға, медициналық зертхана қызметтеріне 1,1%-ға көтерілді.