Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қарағанды облысында тұтыну бағасының индексі 101,5 пайызды құрады

Қарағанды облысында тұтыну бағасының индексі 101,5 пайызды құрады

Қарағанды. 10 наурыз. 7kun.kz - 2016 жылғы ақпанда Қарағанды облысында инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі 101,5 пайызды құрады. Бұл туралы облыс статистика комитеті хабарлады. 

Азық-түлік тауарларына баға 2016 жылғы ақпанда алдыңғы аймен салыстырғанда 1%-ға жоғарылады, азық-түлік емес тауарлар 0,9%-ға қымбаттады. Ақылы қызметтерге баға және тарифтер индексі 102,6%-ды құрады.

Ақылы қызметтер баға индексі қалыптасуына тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге баға мен тарифтердің 6,4%-ға артқаны айтарлықтай әсер етті, оның ішінде тарифтердің өсуі қоқысты шығаруға – 60,1%-ға, кәрізге – 15,9%-ға, орталықтан жылытуға – 8%-ға, домофон қызметтеріне – 6,5%-ға, ыстық сумен жабдықтауға – 6%-ға, электр энергиясына – 5,1%-ға, суық суға 2,8%-ға тіркелген. Медицина қызметтерінен күндізгі стационарда емдеу – 13,4%-ға, медициналық зертхана қызметтері – 1,8%-ға, амбулаторияда дәрігер-маман қызметтері 1,7%-ға қымбаттады. Сонымен қатар тарифтің өсуі әуе жолаушы көлігінің қызметтеріне – 11,1%-ға, теміржол жолаушы көлігінің қызметтеріне 3,2%-ға байқалды. Монша, сауна және спорт кешендер қызметтері 3%-ға көтерілді.

Азық-түлік тауарларынан ағымдағы жылғы ақпанда 2016 жылғы қаңтарға қарағанда бағаның жоғарылағаны нанға – 7,2%-ға, қантқа – 7%-ға, шайға – 2,4%-ға, күрішке – 2,1%-ға, жармаларға, май мен тоң майға – 2%-ға, сүтке – 1,6%-ға, жемістерге, минералды және ауыз суға 1,2%-ға байқалды. Бағаның төмендегені көкөністерге – 0,4%-ға, жұмыртқаға 0,3%-ға тіркелген.

Азық-түлік емес тауарлар тобында фармацевтикалық өнімдер – 5,8%-ға, маталар – 3%-ға, автомобильдер және тоқыма бұйымдары – 2,9%-ға, телефон және көшірмелік жабдықтар – 2,7%-ға, жеке пайдаланатын электр заттар – 2%-ға, жеке қолданатын құралдар және тауарлар – 1,8%-ға, кеңсе тауарлары, сызу бұйымдары – 1,5%-ға, кілемдер және еденге арналған жапқыштар – 1,4%-ға, тұрмыстық құралдар 1%-ға қымбаттады. Бензинге баға 1%-ға төмендеді.

Похожие материалы