Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қарағанды облысының өндірістік өнім көлемі 50,9 млрд теңгеге жетті

Қарағанды облысының өндірістік өнім көлемі 50,9 млрд теңгеге жетті
Алматы. 26 сәуір. 7kun.kz - Бұл туралы премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың Қарағанды облысына жасаған ресми жұмыс сапары барысында айтылды деп жазады министрдің баспасөз қызметі.  Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Сарыарқа» АЭА аумағында Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша іске асырылған «Бёмер Арматура» ЖШС мен «Recycling Company» ЖШС өнеркәсіптік кәсіпорындарында болды. Нысанды аралау барысында Бақытжан Сағынтаевқа ИИДМБ-2 аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы баяндалды. Жалпы өңірде 2018 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында 689 жаңа жұмыс орнын құрумен төрт өнеркәсіптік жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары А. Айдаров «Сарыарқа» АЭА аумағында 15 қатысушы тіркелгенін айтты. Металлургия өнеркәсібін және металл өңдеу саласын дамыту, атап айтқанда әлемдік сауда маркаларын өндірушілерді тарту арқылы дайын өнім өндірісін дамыту қызметтің басым бағыттары саналады. 01.04.2018 жылғы жағдай бойынша өндірістік өнім көлемі 50,9 млрд тг құрады, экспорт көлемі — 28,2 млрд тг. Инвестициялар көлемі — 44,1 млрд тг, соның ішінде «Бёмер Арматура» — 3,1 млрд тг, «Recycling Company» — 3,4 млрд тг құрады. «Бёмер Арматура» зауытының бас директоры Кефер Андреас зауыт іске қосылған сәттен бері жалпы сомасы 7,4 млрд теңгеге 14 мыңнан астам өнім шығарылғанын айтты. Келешекте осында шығарылатын шарлы крандар мен ілмекті арматура «Сарыарқа» магистральді газ құбырын салу кезінде пайдаланылатын болады деп жоспарланып жатыр.   

Похожие материалы