Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қарағандыдағы патрон зауыты қазақ әскерін оқпен қамтамасыз етеді

Қарағандыдағы патрон зауыты қазақ әскерін оқпен қамтамасыз етеді

Қарағанды. 14 сәуір. 7kun.kz - Қарағандыда ашылатын патрон зауыты 2018 жылдан бастап қазақ армиясын оқ-дәрімен қамтамасыз ете бастайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Жанжүменов айтты.

Талғат Жанжүменовтің айтуынша, зауыт бір ауысымда 30 млн патрон шығарады.

Айта кетейік, Патрон зауыты Қарағандыдағы «Сарыарқа» арнайы экономикалық аумағында салынып жатыр. Кәсіпорын қазақстан әскеріне қажет 5,45*39 мм, 7,62*54 мм, 9*18 мм және 9*19 мм калибрлі патрондар шығарады

Жоба құны - 20 миллиард теңгеден асады.

Похожие материалы