Кувейт, Сауд Арабиясы және БАӘ Мысыр экономикасын тұрақтандыру мақсатында көмек пен инвестициялар түрінде Каирге $12,5 млрд бағыттау туралы шешім қабылдады деп хабарлайды Мысырдың "әл-Ахрам" басылымы.
Мұндай шешім Шарм-эш-Шейх инвестициялық конференциясының барысында қабылданды.
"Мен Кувейттің инвестициялық органдары Мысыр экономикасының түрлі секторларына $4 млрд бөлетіндігін қуана хабарлаймын", - деді Кувейт әмірі Сабах әл-Ахмед әл-Жәбер әс-Сабах.
Өз кезегінде Сауд Арабиясы мен БАӘ де 4 млрд доллардан бөледі.
Қаражаттың бір бөлігі Мысыр Орталық банкінің депозиттеріне орналастырылады.