Экономика
Араб елдерінің Қазақстанға тікелей инвестициясы соңғы 10 жылда $2,5 млрд құрады
Алматы. 25 желтоқсан. 7kun.kz - Араб елдерінің Қазақстанға салған тікелей инвестициясының көлемі соңғы 10 жылда $2,5 млрд асты, деп хабарлады ҚР СІМ Қайрат Әбдірахманов Мәжілісте өткен Үкімет сағатында.
Елбасының 2016 жылғы қазандағы Сауд Арабиясына сапары екіжақты қарым-қатынас үшін маңызды болған. Бұл сапарда энергетика, тау-кен саласы, ауылшаруашылығы мен сауда саласында жалпы құны $200 млн асатын 10 келісім жасалған.