Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Арай агро» компаниясы Қазақстанда құрастырған 5-ші ұшағының тұсауын кесті

«Арай агро» компаниясы Қазақстанда құрастырған 5-ші ұшағының тұсауын кесті

Осы уақытқа дейін жасалған 4 ұшақтың үшеуі Қостанайда. Ал, біреуін мәскеуліктер сатып алған. Бұл туралы "Қазақстан" телеарнасы хабарлады.

Төрт орынды шағын ұшақ ауыл шаруашылығы қызметін дамытудың таптырмас құралы.

Көлемі кішкентай болғандықтан жұмыс жасауға өте ыңғайлы. Жылдамдығы сағатына 170 километр. 1200 келі жүкті оңай көтеретін ұшақ 4000 метр биіктікке дейін еркін самғайды.

Ұшақты құрастыруға қажетті барлық құрал-жабдықтар Канададан әкелінген.

Болашақта Канадалық мамандармен тәжірибе алмасу арқылы қозғалтқыштан бастап, барлық құрылғыны өз елімізде өндіру жоспарланып отыр.

Похожие материалы