Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Арал экономикасына 100 млрд теңге инвестиция тартылмақ

Арал экономикасына 100 млрд теңге инвестиция тартылмақ

Қызылорда. 22 қараша. 7kun.kz - Қызылорда облысында соңғы үш жылда өткен бес «Байқоңыр» халықаралық инестициялық форумы өңірдің әлеуметтік экономикалық дамуына 100 млрд теңгеге жуық инвестиция тартуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды BNews.kz.

Әлеуетті инвесторлар мен қаржы институттарының өкілдері қатысатын инвестициялық форумдар Қызылорда облысында әр екі жыл сайын өткізіліп отырады.

"Форумға қатысушылар өңіріміздің болашағы, Қазақстанның шетелдік инвесторларға беретін басымдықтары туралы өздерін қызықтырған мәселелер төңірегінде ақпарат алып, бірнеше жобаны талқылады және ынтымақтастық жайлы бірнеше келісімге қол қойды. Қазір осы келісімдер аясында қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев.

Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, келесі инвестициялық форум Қызылорда облысында осы жылдың 14-15 желтоқсанында өтеді. Желтоқсан айындағы пленарлы отырыс Сырдарияның сол жағалауын дамытуға арналады.

Похожие материалы