
Алматы. 13 шілде. 7kun.kz - «Қаражанбасмұнай» АҚ 2018 жылдың қаңтар-маусымында 1 млн 72 мың тонна мұнай өндіріп, өткен жылмен салыстырғанда көрсеткішті 1,6% арттырды. Бұл туралы Маңғыстау облысының индустриалды-инновациялық даму басқармасының орынбасары Талғат Әбдіқадыров хабарлады.
2018 жылы компания өнім көлемін 2 млн 160 мың тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр. 2017 жылы компания 2 млн 141,1 мың тонна мұнай өндерген.
«Қаражанбасмұнай» компаниясының бірінші жартыжылдықта салықтық аударымдары 13,1 млрд теңгені құрады.
- Ал «Қарақұдықмұнай» I жартыжылдықта 173 тың тонна мұнай өндірді. Бұл көрсеткіш 2017 жылдың I жартыжылдығымен салыстырғанда 25,3% азайды, - дейді Т.Әбдіқадыров. Жоспар бойынша «Қарақұдықмұнай» жыл соңына дейін 355,8 мың тонна мұнай өндіруі керек. 2017 жылы компания өндірісі 412 мың тоннаны құрады.