Экономика
Выбор редактора
Areva концерні қызметкерлерін жұмыстан жаппай босатып жатыр
Францияның Areva концерні қызметкерлерін жұмыстан жаппай босатып бастады. Атом электр станцияларына (АЭС) арналған реакторларын шығарумен және оларға қызмет көрсетумен айналысатын компания 5-6 мың қызметкерді қысқартпақ, оның 3-4 мыңын Францияда.
Areva өткен жылы
4,8 млрд. еуро жоғалтып, осы шығындарын оңтайландырғысы келеді.
Қызметкерлер құрамы жөніндегі директор Франсуа Ногэның айтуынша, жұмыс күшіне жұмсалатын шығын жылына 3,4 млрд. еуроны қамтиды, оның ішінде 2,4 млрд. еуро Францияда.
Төрт жыл қатарынан табысқа шыға алмай отырған компания сатып алушыны іздеп жүр деген сөздер көбейе бастады. Бұған дейін бұрынғы EDF монополиясы Areva активтерін сатып алуға қатысты келіссөздер жүргізіп жатыр деп хабарланған еді. Бір мәліметтер бойынша келіссөздер реакторларды жобалау жөніндегі бизнес туралы жүргізілуде, екінші нұсқа бойынша - келісімге компоненттердің өндірісі де қосылған. Түрлі сомалар айтылуда - 300 млн. еуродан 1 млрд. еуроға дейін.
Екі компанияны да Франция үкіметі бақылайды.
EDF - елдегі ең ірі электр энергия жеткізушісі, ал Францияның энергия тұтыну көлемінің үштен бірін атом станциялары қамтамасыз етеді.