Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Арман Дунаев Қазкоммерцбанктің директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

Арман Дунаев Қазкоммерцбанктің директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

Алматы. 1 тамыз. 7kun.kz – «Қазкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы бірауыздан тәуелсіз директор Арман Дунаевты ҚКБ-ның директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына сайлады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚКБ-ның Директорлар кеңесінің жаңа құрамы банк акционерлерінің 31 шілдедегі кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен сайланған болатын. Арман Дунаевпен бірге банктің басқару органына Сәуле Кішкімбаева, бас акционердің өкілі – Әлия Қарпыкова, тәуелсіз директорлар – Азамат Жолдасбеков пен Асқар Елемесов, сондай-ақ ҚКБ-ның басқарма төрағасы лауазымындағы Ульф Вокурка кірді.

«Мен үшін бұл үлкен құрмет әрі жаңадан даму кезеңінде елдің жүйе құрушы банктерінің бірінде директорлар кеңесін басқару үлкен кәсібилікті қажет етеді. Мемлекеттің қолдауы мен банктің негізгі акционерін алмастыру шаралары банкте жинақталған көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта біздің алдымызда маңызды мақсат-міндет тұр ол - Қазкоммерцбанктің корпоративтік басқару жүйесін халықаралық үздік тәжірибелер мен Halyk Group қағидаттарына сәйкес келтіру және қаржы институты дамуының жаңа стратегиясын жасау», – деді Арман Дунаев.

Арман Ғалиасқарұлы Дунаев – тәжірибелі әрі кәсіби қаржыгер, экономика ғылымдарының кандидаты. Мемлекеттік және жеке сектор, сондай-ақ қаржы нарығындағы жұмыс тәжірибесі мол. Тәуелсіз директор ретінде Halyk Group тобының бірқатар компанияларының Директорлар кеңесінің құрамына кіреді:  «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ, «Halyk Finance» АҚ және «Халык-Life» АҚ. «Altyn Bank» АҚ («Қазақстанның Халық Банкі» АҚ ЕБ) Директорлар кеңесін басқарады.

Еске салсақ, 31 шілде күні өткен отырыста Қазкоммерцбанктің акционерлері директорлар кеңесінің жаңа құрамын сайлаған болатын.

Похожие материалы