Арнайы операция арқылы ұйымдасқан қылмыстық топтың 23 мүшесі ұсталды – Видео
Қазақстан. 1 тамыз. 7kun.kz – Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі Алматы, Шымкент қалалары және Алматы, Ақтөбе, Жамбыл облыстарында қылмыскерлерді ұстау бойынша арнайы операция жүргізді. Барлығы 23 адам ұсталды.
Қылмыскерлер ай сайын 300-500 мың доллар көлемінде Алматы облысы Талғар ауданы аумағында майнинг өндірушілер есебінен пайда тауып отырған.
«Заңсыз майнинг өндіруші фермаларды тінту кезінде қылмыстық топтың жеті мүшесі ұсталды. Қылмыскерлер 36 жастағы IT маманын қылмыстық есепшотқа отырғызып, оны қорқытып, майнинг жұмысын ұйымдастыру үшін бопсалаған», – делінген хабарламада.
Заңсыз сақталған қарудың тұрған жерін анықтау бойынша жедел комбинацияларды жүргізу кезінде топтың үш мүшесі ұсталды, олардың біреуі – әскери қызметші.
Олардан АКСУ автоматы, 60 патрон және Сталкер, Ретай маркалы тапаншалар алынды. Тінту нәтижесінде, жедел уәкілдер заттай дәлелдемелер мен қылмыс құралдарын, қара бухгалтерияны, сондай-ақ жалпы сомасы 7 млн АҚШ долларына жуық майнингтік фермалардың жұмысына арналған 6 мыңнан астам жабдық атауын, Макаров тапаншасын, сондай-ақ жалған автомобиль нөмірлерінің 3 жиынтығын тәркіледі.