Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Арселор Миттал Теміртау" АҚ бас директоры ауысты

"Арселор Миттал Теміртау" АҚ бас директоры ауысты

2016 жылдың 1 мамырынан бастап "Арселор Миттал Теміртау" АҚ Парамжит Калон басқарады. Ал компанияның қазіргі бас директоры Ашок Кумар Сонталия қаржы директоры қызметіне ауысады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Парамжит Калон Үндістанның Харьян штатындағы мемлекеттік инженерлік институтын бітірген. Метоллургия саласы бойынша басқару дәрежесіне ие. Болат өнеркәсібіндегі іс-тәжірибесі - 21 жыл.  ArcelorMIttal тобындағы қызметін 2008 бастады.

Ашок Кумар Сонталия өз қызметін 1998 жылы Бомбей қаласында Grasim Industries компаниясының қаржы директоры ретінде бастады. ArcelorMIttal тобында 2006 жылдан бастап қызмет атқарды. «АрселорМиттал Кривой Рог» көпшілік акционерлік қоғамының қаржы директоры болды.

"Арселор Миттал Теміртау" АҚ құрамына Теміртаудағы металлургиялық комбинат, Қарағандыдағы 8 көмір өндіру шахтасы және Қарағанды, Ақмола, Қостанай облысындағы 4 темір кені кіреді.

Похожие материалы