Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«АрселорМитал Теміртау» АҚ бірқатар кәсіподақ ұйымдарымен ұжымдық шарт жасасты

«АрселорМитал Теміртау» АҚ бірқатар кәсіподақ ұйымдарымен ұжымдық шарт жасасты

Алматы. 27 қараша. 7kun.kz — «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның әкімшілігі мен «Жақтау», «Қорғау» және «Бірлік» кәсіподақ ұйымдары арасында бірыңғай ұжымдық шартқа қол қойылды. Бірыңғай ұжымдық шарт «АрселорМиттал Теміртау» АҚ және еңбек ұжымдарының арасындағы еңбек қарым-қатынасын реттейді, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және Даму министрлігі.

Шарт 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады.

Бірыңғай ұжымдық шарт «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-ның барлық қызметкерлері үшін бірыңғай ережелер және жеңілдіктер мен кепілдіктер алу механизмін белгілейді. Көмір және болат департаменттерінде болған және әр түрлі түсіндірілген көптеген жеңілдіктер енді біріктіріліп, екі департаментке таралады.

Негізгі қағидалар өзектелгеннен кейін, енгізілетін ұжымдық шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтірілген. Өйткені, бұрын қолданыста болған ұжымдық шарттың көптеген ережелері мен тармақтары ескірген. Бүгінгі таңда бірыңғай ұжымдық шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына толық сәйкес келеді.

«Бүгін компания әкімшілігінің өкілдері мен кәсіподақ көшбасшыларын тыңдай отырып, біз мақсатқа қол жеткізгенімізді көріп отырмыз. Металлургтер, шахтерлар және басқа да мамандық жұмысшыларының мүдделері толық қорғалған. Ұжымдық шарт «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-ның мыңдаған ұжымына ортақ»,-деді Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов.

«Ұжымдық шарт Қазақстанның ірі жұмыс берушілері арасында компанияның жетекші позицияға жетуіне мүмкіндік беретін жағдай жасайды. Ондағы бекітілген жеңілдіктер компания қызметкерлерді дамытуға, өнімділікті арттыруға, компанияның одан әрі жетістігіне салған инвестициялық үлес ретінде қарастырады»,- деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның қызметкерлер жөніндегі директоры Анна Адом.

Похожие материалы