Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"АрселорМиттал Теміртау" жұмыскерлері жалақыларын толық көлемде алды

"АрселорМиттал Теміртау" жұмыскерлері жалақыларын толық көлемде алды

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ өз жұмыскерлеріне осы жылдың қаңтар айындағы жалақыларын толық көлемде төледі деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бұрындары хабарланғандай, компания күрделі қаржылық жағдайына байланысты қызметкерлерінің еңбекақыларын қайта есептеуден өткізген еді. Атап айтқанда, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ, "Өркен" ЖШС және "Құрылысмет" ЖШС болат және көмір департаменттерінің жұмысшыларына еңбекақыны 75% мөлшерде төлеу жоспарланған еді.

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев шахтерлар мен металлургтардың еңбекақылары толық төленбеген жағдайда, "АрселорМиттал Теміртаудан" жеңілдіктер алынып тасталынады деп ескерткен еді. Ал облыс прокуратурасы еңбек инспекциясына жұмысшылар жалақысының төмендеу фактісі бойынша еңбек заңнамасының сақталуын тексеруді тапсырған еді.

Инспекция көмір және болат департаменттерінде тексеру жүргізіп, басшылық әрекетінде еңбек заңнамасының бұзылу оқиғалары болғандығын анықтап, 300 АЕК айыппұл салды. Бұған қосаға, меткомпанияға еңбекақы төлеу мәселелерін заңнамаға сәйкестікке келтіру туралы нұсқама шығарылды. Компания басшылығы бұл нұсқамаға қатысты сотқа шағым білдіргісі келген еді.

 

Похожие материалы