Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Артур Нығметов ОКҚ басшылығынан кетті

Артур Нығметов ОКҚ басшылығынан кетті

Алматы. 11 тамыз. 7kun.kz - Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

"Қымбатты достар, бүгін мен ОКҚ директоры Артур Нығметовпен әңгімелестім. Кездесу барысында ол өзінің академиялық жоспарлары бар екенін мәлімдеді. Соның ішінде шет елде білімін толықтырғысы келетінін айтты. Стипендия иесі атанған Артурдың жеке таңдауын қолдау қажет деп шештім",- деп жазды министр.

Сондай-ақ, Дәурен Абаев Артур Нығметовтың жасаған қызметі үшін алғыс білдіріп, алдағы бастамаларына сәттілік тіледі.

"Аз уақыт ішінде Артур ОКҚ жұмысын тиімді ұйымдастыра білді. Бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынасты жақсартты. Аймақтық ОКҚ-мен жұмысты ретке келтірді. Сарапшылар қауымдастығымен тығыз байланыс орната алды. Артурға зор алғыс айтамын және алға қойған мақсаттарын орындауда табысқа жетуін тілеймін!", - дейді Дәурен Абаев.

Артур Нығметов 12 мамырда ОКҚ басшысы болып тағайындалған еді.

Похожие материалы