Арыс қаласында «Өрлеу» жобасымен 646 отбасы шағын кәсіптерін дамытып жатыр
Шымкент. 9 қазан. 7kun.kz — Арыс қаласында «Өрлеу» жобасымен 646 отбасы шағын кәсіптерін дамытып жатыр. Бұл туралы облыстың баспасөз қызметі хабарлады.
"Өрлеу» жобасы аясында жеке іс ашып, шағын кәсібін дамытып жатқан азаматтардың бірі көпбалалы ана - Оразкүл Ақжігітова. Ол отағасымен бірге 2016 жылы мемлекеттен 265 332 теңге көлемінде шартты ақшалай көмек алып, пластиктен есік, терезе жасайтын құрал-жабдық сатып алып, кәсібін ашқан. Олар қаржыны тиімді жұмсағандықтан 2017 жылдың сәуір айында тағы да осы бағдарламамен 265 332 теңге тағайындалған.
"Өрлеу» бағдараламасының шарттарын дұрыс орындаған Қашқынбекова Зада да осы жылы жалпы көлемі 600 мың теңгеден астам көмек алып, тігін машинасын алып қол өнермен айналысып жатыр. Шағын тігін цехында көрпе, көрпеше, қыз жасауы сынды қолөнер бұйымдарын тігеді.
Жалпы Арыс қаласында 2017 жылдың 9 айында аталған жобаға 661 отбасы, яғни 3668 адам қатысқан. Оларға отбасына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнының айырмасы төленеді. Қазіргі уақытта 646 отбасына республикалық бюджеттен 113 млн 449 мың 700 теңге, ал жергілікті бюджеттен 90 млн 468 мың 700 теңге шартты ақшалай көмек тағайындалды. «Өрлеу» жобасы бойынша 90 адам әлеуметтік жұмысқа, 20 адам қоғамдық жұмысқа, ал екі адам жастар практикасына, 11 адам қайта даярлау курсына, 563 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.
Айгүл Хожантаева