Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Арыс қаласында 11 мыңнан астам оқ-дәрі табылды

Арыс қаласында 11 мыңнан астам оқ-дәрі табылды

Алматы. 2 шілде. 7kun.kz – Арыс қаласында 11 400 оқ-дәрі және оның фрагменттері табылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда төтенше жағдай мен оның салдарын жою орнында ІІМ-нің күштері мен құралдарын топтастыру жеке құрамнан 421 адам мен 85 бірлік техниканы құрайды.

Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің өрт сөндіру қызметі «ҚТЖ» ҰК» АҚ өртке қарсы пойыздарымен (240 текше метр су) және Арыс өзенінен су тарту арқылы сөндіру учаскесіне үздіксіз су беруді қамтамасыз етті.

Жедел медициналық көмек орталығының бөлімшелері төтенше жағдайлардың алдын алу орталығында 23 тұрғынға және төтенше жағдайларды жоюға қатысушы 41 адамға алғашқы көмек көрсетті.

Халықтың Арыс қаласына оралуына байланысты 2019 жылғы 28 маусымда ІІМ күштері мен құралдары қайта топтастырылды.

Блокпостар санын қысқарту, қала периметрін қоршауды алу есебінен көшелерде қоғамдық тәртіпті сақтауды жүзеге асыратын патрульдер саны 3 есеге (75-тен 255-ке дейін) өсті. Әрбір секторда қоғамдық тәртіпті күзетудің тәулік бойы режимінде және азаматтардың мүліктік қауіпсіздігін 15 полиция қызметкері (255 қызметкер) қамтамасыз етеді.

Азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету үшін 2019 жылғы 28 маусым сағат 8.00-ден бастап қаланың барлық көшелерінде орналасқан 48 жедел-тергеу тобы құрылды.

Қаланың барлық 17 секторында полиция азаматтарды қабылдау үшін орындар ұйымдастырды.

ТЖК жедел штабының жедел желілеріне ел халқынан 17 811 қоңырау келіп түсті.

24 маусымнан бастап 02 шілдеге дейін Арыс қаласының аумағында ТЖК Өрт сөндіру қызметінің күшімен 70 өрт сөндірілді (кафе, екі дүкен, 27 тұрғын үй, 17 шаруашылық құрылыс, 26 табиғи өрт).

Өңірлер әкімдіктерімен штабтар ашылды, шығындарды бағалау жүргізіледі, құрылыс материалдарын жеткізіледі.

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық қызметі 6,3 мың объектіде және қосымша 2123 нүктеде тексеру және дезинфекциялау жұмыстарын жүргізді, 5 мың кг-ға жуық бүлінген өнімдер тәркіленді.

Похожие материалы