Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Арыс тұрғындары үйлеріне оралды

Арыс тұрғындары үйлеріне оралды

Алматы. 28 маусым. 7kun.kz — Әскери қоймадағы оқ-дәрі жарылысынан кейін Шымкент қаласы мен басқа да жақын аудандарға эвакуацияланған Арыс тұрғындары қайтадан үйлеріне оралды. 

Таңғы сағат 8:00-де аймаққа кіруге рұқсат берілді. Тұрғындар ұйымдасқан түрде автобустармен Арысқа жеткізілді.

Қазіргі таңда Арыс қаласы мен әскери қоймада оқ-дәрілерді тазалау және қаланы дезинфекциялау шаралары аяқталған.

Сондай-ақ, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Арыстағы атмосфералық ауаның таза, су және топырақтың ластанбағанын, радиацияның жоқтығын хабарлады.

Айта кетейік, тұрғындар үйіне оралғанда бекітілген қызметкерлер фото-видеофиксация жасап, шығындарды есептеуге көмек береді. Сонымен қатар, орналасуға облыстық полиция қызметкерлері мен дәрігерлер, төтенше жағдай департаменті мен құзырлы мекемелер қызмет көрсетеді.

Бұған дейін белгілі болғандай, Арыс қаласы 17 секторға бөлінді. Бөлінген секторлар бойынша әрбір облысқа жұмыстар беріледі. Бұл секторларға облыстың аудан, қала әкімдіктерінен 640 жауапты азамат бекітілді. Әрбір 10 үйге 1 қызметкерден жауапты.

Бұдан басқа, арыстықтарға құрылыс-жөндеу жұмыстарына көмек беру үшін еліміздің барлық өңірінен 160 арнайы бригада келеді.

Похожие материалы