Алматы. 25 маусым. 7kun.kz — Арыс қаласында тонау фактілері тіркелген, деп хабарлады Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.
"Екі қылмыс жасаған үш адам ұсталды, – бір дүкен тоналды және бір тұрғын үйден ұрлық тіркелді", – деді Тұрғынбаев Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта Арыс қаласының периметрі бойынша күзет орындары қойылған, қаланың өзінде 75 полиция наряды жұмыс істейді.
"Қалада ешкім қалған жоқ. Тұрғын үйлердің зақымдануы, сондай-ақ жарылмаған снарядтар бар. Азаматтардың қалаға кіруіне тыйым салынған", – деді министр.
Оның айтуынша, қаладан іс жүзінде 41 мыңға жуық азамат эвакуацияланды: 39 мың адам өз бетімен кетіп, 2 мың 815 адам эвакуацияланды.
Сондай-ақ, "ыстық желіге" 11 мыңнан астам қоңырау келіп түскен.
"Қалада 23 өрт сөндіру бөлімі жұмыс істейді, 19 тұрғын үйдегі, 9 – шаруашылық құрылыстардағы, сондай-ақ 14 табиғи өрт ауыздықталды – бұл даладағы шөп өртенуі. ТЖ салдарынан екі адам қаза болды - бұл әскери бөлімнің бір әскери қызметшісі мен Арыс қаласының бір тұрғыны. Екеуі ауруханаға жатқылды, 34 адам ауруханаға жеткізілді, 12 азаматқа ауруханаға жатқызбай медициналық көмек көрсетілді", – деп қортындылады ІІМ басшысы.