Алматы. 5 шілде. 7kun.kz – Арыс қаласында бір оқ-дәрі жарылып, нәтижесінде өрт шықты. Өрт ошағы әскери өрт сөндірушілердің күшімен жойылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Арсеналға жақын аумақта (тыйым салынған аумақ) инженерлік-сапер бөлімшелері қару-жарақ қалдықтарын жинау кезінде жекелеген қару-жарақ жарылып, өрт тұтанған», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, қорғаныс министрлігі қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ екенін атап өтті. Жергілікті тұрғындарға ешқандай қауіп жоқ.
«Қорғаныс министрлігі инженерлік-сапер бөлімшелерімен жасалып жатқан жұмыс аяқталғанға дейін арсенал аумағына жақындауға және кіруге тыйым салынатыны туралы ескертеді», - делінген хабарламада.